"Шахтинск полиция бөлімінің кезекші бөліміне түнгі клубтың жанында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасақтары келді. Белгісіз тұлғалар арасында төбелес болғаны анықталды. Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін, сондай-ақ ауыр зардаптарға жол бермес үшін полиция қызметкерлерінің бірі әуеге ескерту оғын атуға мәжбүр болды", - делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу