"Шахтинск" шахтасында кеншіні кен үйіндісі басып қалды

790

Кенші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шахтинск" шахтасында кеншіні кен үйіндісі басып қалды Фото: inbusiness.kz

"Шахтинск" шахтасында 6 тамызда бұрғылау жұмыстары барысында жоғары бөліктегі кен үйіндісінің бір бөлігі опырылып түскен.

Апат кезінде бір кеншіні тау-кен үйіндісі басып қалған. Шахтаның жұмыскерлері кеншіге алғашқы көмек көрсетіп жедел жәрдем шақырған. Жарақат алған кеншіні Мақажанов атындағы клиникаға жеткізген.

"Кеншінің кеудесі сынған. Қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Барлық медициналық көмек көрсетілуде", – деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл төтенше жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу