11 қаңтар күні Шахтинск қаласында бес қабатты үйдің бірінші қабатында тұратын ер адам өз үйіндегі газ плитасының барлық оттығын қосып қойып, үйді жарып жіберемін деп тұрғындардың зәресін ұшырды.
Үрейленген тұрғындар полиция мен өрт сөндірушілерге хабар берген.
Өрт сөндіру қызметі келгенше бүкіл үйге газ тарап кеткен. Олар оқиға орнына келе салып, подъездегі барлық тұрғынды дереу қауіпсіз жерге шығарып, тез арада пәтер мен подъезді желдетті.
Ал құтқарушылар полиция қызметімен бірлесіп жұртты шулатқан тұрғынның пәтеріне терезені сыртынан ашып кіріп, қолға түсірген. Тұрғынды жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам есірткі пайдаланған болуы мүмкін.
Арайлым Еркебаева