Шахтинскіде бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды полицейлер құтқарды

491

Тұрғын мұндай әрекетке отбасылық жанжалдан кейін барғанын айтады.

Шахтинскіде бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды полицейлер құтқарды Фото: Polisia.kz

Шахтинскіде полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 мамыр күні сағат 14.00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан азаматшаның секірмекші болып тұрғаны туралы хабарлама түскен.

"Әріптесім екеуміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айқайлаған азаматшаны көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қаупінің алдын ала алмас едік. Сондықтанда Дулат сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрды. Ал мен сатымен ішке көтеріліп, тұрғынды әңгімеге тарттым. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керектігін барынша түсіндірдім. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алдым, – деді полиция қызметкері Ерназ Өскенбай.

Азаматша осындай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтты. Полиция қызметкерлері құтқарылған азаматшаны психолог дәрігерлерге тапсырып, қызметін жалғастырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу