Шай бір жылда 12%-ға қымбаттады

1160

Шай мен кофе өндіру бір жылда 21%-ға артқан. 

Шай бір жылда 12%-ға қымбаттады

Қазақстанда шай бір жылда 12%-ға, кофе 5,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар–сәуірде елімізде 6,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ға артық.

Кофе мен шай өндірісі бойынша көш басында Алматы тұр: 3,7 мың тонна, бір жылда минус 18,9%. Үздік үштікте Шымкент (бір жылда өсім 20 есе, 2 мың тонна), Қарағанды облысы (бір жылда өсім 28,3 есе, 453 тонна). 

2020 жылғы қаңтар–желтоқсанда 18,7 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артық.

Осы жылы бірінші тоқсанда отандық өндірушілер өңделген шай мен кофеге сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 31,1%-ға қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6%-ға көп.

Экспортқа 2,5 мың тонна шай мен кофе өңделіп жіберілген: бір жылда минус 26,8%. Қазақстанда 12,3 мың тонна өнім сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,6%-ға артық.

Елімізде бірінші тоқсанда 7,8 мың тонна хош иісті қоспалары бар шай импортталған: 28,1 млн доллар. Өсім – 2,5%, ақшалай мәнде – 5,3%.
Секторда импорттың басым бөлігі Кенияның үлесінде: 3,6 мың тонна. Өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға аз. Ақша мәнде импорт – 12,4 млн доллар.

Екінші және үшінші орында Үндістан (10 млн доллар, 2,8 мың тонна) және Ресей (652,9 тонна, 4 млн  доллар).

2021 жылғы мамырда шайдың бөлшек саудадағы бағасы бір келісі үшін 3,6 мың теңге болды. 

Елімізде шай Қарағанды да қымбат: бір келісі үшін 4 мың теңге. Кейін тізімде елорда (3,9 мың теңге), Алматы (3,8 мың теңге) тұр. Талдықорғанда шай арзан: бір келісі үшін 3,3 мың теңге.

Сәуірде шай Қазақстан бойынша орта есеппен 12,4%-ға қымбаттаған. 7 өңірде баға өскен: Батыс Қазақстан облысында – 25,3%, Павлодар облысында – 21,4%, Шымкентте – 19,3%. 

Еліміз бойынша кофе орта есеппен бір жылда 5,3%-ға қымбаттаған. Ең жоғары өсім Қызылордада тіркелді:
16,5%. 

"Хабар24" телеарнасының мәліметінше, әлемде кофе қымбаттап жатыр: Лондондағы ICE биржасында танымал "арабика" сұрпының бағасы төрт жылдық деңгейден асып түскен.

Бағаның өсуі құрғақшылық пен Бразилиядан жеткізілімнің азаюымен байланысты.

Сонымен қатар колумбиялық кофе экспорттаушыларда елдегі наразылықтарға байланысты логистика мәселесі туындаған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу