Ал бір жылда шай бағасы 8%-ға өсіп отыр. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. Соңғы 4 айда елімізде 5,4 мың тонна шай мен кофе шығарылған. Былтыр да дәл осындай мөлшерде өндірілген еді.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, осы сектордағы импорт 6,7%-ға қысқарып, 10,2 мың тоннаға дейін төмендеген. Нарықтың 72,4% импорттың үлесінде. 2019 жылы бұл көрсеткіш 71,3% болған еді.
Биыл ішкі нарықтағы шай мен кофе сатылымы 25,6%-ға азайып отыр.
2020 жылдың бірінші тоқсанында құны 26,6 млн доллар болатын 7,6 мың тонна шай сырттан әкелінген екен.
Негізгі импорттаушыларымыз – Үндістан, Қытай, ал ТМД елдері арасында – Ресей.
Импорттан бөлек, шай нарығына контрафактілік тауарлар да қауіп төндіріп отыр. Бұған дейін бірнеше рет Өзбекстан елінен заңсыз жолмен шай өткізбек болғандар ұсталған.
Тағы бір жайт, мамыр айында қара байха шайының бір килограмы шамамен 3207 теңге болды. Яғни былтырғыға қарағанда 7,6%-ға қымбаттады деген сөз. Ал елімізде шай бағасы ең жоғары қалалар мыналар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды.
Табиғат Нұрболат