Шайбалы хоккейден 2020 жылғы Әлем чемпионаты кейінге қалды

860

Халықаралық федерация мұндай қадамға коронавирус індетінің таралуына байланысты барып отыр.  

Шайбалы хоккейден 2020 жылғы Әлем чемпионаты кейінге қалды

Халықаралық хоккей федерациясы 2020 жылдың мамырында Швейцарияда өтуі тиіс элиталы дивизиондағы әдем чемпионатын кейінге шегерді деп жазады Olympic.kz.  ТОП-дивизиондағы турнир 8-24 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған болатын. Сондай-ақ, бұл бәсекеге хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысуы тиіс еді. 

Халықаралық федерация мұндай қадамға коронавирус індетінің таралуына байланысты барып отыр. 

"Бұл әлемдегі хоккейсүйер қауым үшін үлкен соққы. Бірақ көнуге тура келеді. Коронавирус ғаламдық проблемаға айналды. Қауіпті вирус таралмау үшін бүкіл әлем болып күресуіміз қажет. IIHF бұл күреске қолдау көрсету үшін аянып қалмайды. Әзірге спорттық іс-шараларды кейінге қалдырып, коронавирусқа қарсы күрескен мемлекеттік органдарды қолдауымыз қажет", - деді IIHF президенті Рене Фазель. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу