Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан 1 дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды olympic.kz.
Алғашқы матчта Түркияны 15:0 есебімен жеңген біздің команда бұл жолы Австралиямен ойнаған болатын.
Ойында алғашқы голды қарсыластар соқты. Алайда, араға 4 минут салып есепті теңестірген Қазақстан құрамасы матчта жеңімпаз атанды. Біздің команда Австралия қақпасына 5 шайба соқты.
Александра Голотвина, Диляра Сулайманова, Екатерина Куценко, Аружан Кеңесова және Томирис Оспановалардың көзге түскенін айта кету керек.
Австралия – Қазақстан - 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)
1:0 – Дэвис Топ – 09:12
1:1 – Голотвина (Пяткова, Оспанова) – 13:25
1:2 – Сулайманова Д. (Кеңесова, Пяткова)- 29:03
1:3 – Куценко (Шахматова, Голотвина) -36:32
1:4 – Кеңесова -53:37
1:5 –Оспанова – 59:38
Қақпашылар: Ласт – Кононова