Шайбалы хоккейден Президент кубогі өткізілмейді

449

Бұл туралы "Барыс" хоккей клубының ресми сайтында жарияланды.  

Шайбалы хоккейден Президент кубогі өткізілмейді

Еліміздегі карантин шараларының 2 тамызға дейін созылуына байланысты хоккейден Қазақстан Президентінің кубогі өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

"ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің еліміздегі карантин шараларын 2 тамызға дейін созу туралы ресми мәлімдемесінен кейін "Барыс" хоккей клубы маусым алдындағы жиынның 3 тамызға ауыстырылғанын хабарлайды. Сондай-ақ, тамыздың алғашқы күндерінде өтуі тиіс Қазақстан Президентінің кубогі турнирі биыл ұйымдастырылмайды. Мұндай қадамға баруға еліміздегі эпидемиологиялық жағдай себеп болып отыр", – делінген клубтың ресми сайтында. 

Еске сала кетейік, карантин шараларының күшейтілуіне байланысты олимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан құрама командасы жаттығу жиындарын тоқтатты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу