"Шәкәрім шалқарынан сусында" Астанада ата-әжелер зияткерлік додада бақ сынады

324

Сайысқа елорданың бес ауданынан құралған командалар қатысты.  

"Шәкәрім шалқарынан сусында" Астанада ата-әжелер зияткерлік додада бақ сынады Фото: Astana news

Астананың Нұра ауданында Қарттар күні қарсаңында аға буын өкілдері арасында "Шәкәрім шалқарынан сусында" атты күзгі зияткерлер ойыны өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зияткерлік сайыс ұлы ойшыл, ақын әрі жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына, рухани мұрасы мен тұлғалық болмысына арналды.

Сайысқа елорданың бес ауданынан құралған командалар қатысты. Сарыарқа ауданынан "Сарыарқа", Байқоңырдан "Зерде", Есілден "Сырсандық", Сарайшықтан "Мұра", Алматы ауданынан "Қазына" командалары бақ сынады.

Шараны Нұра ауданының "Ұлағат" зияткерлер клубы ұйымдастырды. Ойынға қазақ топтары арасынан 80-ге жуық аға буын өкілі қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиеваның айтуынша, зияткерлік ойындар әр маусым сайын өткізіледі.

"Әр маусымда зияткерлік ойындар өтеді. Бұған дейінгі ойындар Абай мұрасы, Алаш қайраткерлеріне арналса, бұл жолы Шәкірм Құдайбердіұлының мұрасына арналып отыр.
Әрбір ауданнан қазақ топтар арасында 5 құрама қатысты. Бізде зияткерлік ойындар орталығымыз ашылғаннан бастап өтіп келеді. Бүгінде 80-ге жуық ата-әжелер қатысып жүр. Қай аудан ұйымдастырса, өздері қатыспайды. Ал қалған аудандар сайысқа түседі", – деді Астана қаласы әкімдігінің, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу