Шәкен Аймановтың мерейтойы атап өтілуде

2042

Бүгін – Шәкен Аймановтың туған күні. 

Шәкен Аймановтың мерейтойы атап өтілуде

Осыған орай елімізде қазақ киносының классигі, ұлттық сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасуына, шыңдалуына айрықша ықпал еткен КСРО халық артисі, көрнекті театр және кино актері, даңқты кинорежиссер Шәкен Аймановтың 105 жылдық мерейтойы атап өтілуде. 
Осыған орай қазақ киносының майталманының Алматыдағы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Оған Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының басшылығы, білгілі киногерлер Сатыбалды Нарымбетов, Дамир Манабаев, Рустем Абдрашов, Ерболат Тогузаков және өзге де қайраткерлер.
–Шәкен Айманов –  қазақ өнерінің бағына жаралған жарық жұлдыз. Оның  фильмдері ұлттық кинематографтың алтын қорына енді. Сомдаған рөлдері – актерлік шеберліктің нағыз шыңы! Қазақ кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан ол Қазақстан кинематографистер одағына жеке ғимарат, сондай-ақ "Қазақфильм" киностудиясының өзін тұрғызып берді. Өмірі парасат пен өнегеге өрілген Аймановтың шығармашылығын келер ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Шәкен ағамыздың аруағы қолдай берсін! – деді кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов. 
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу