Шакираның Бішкектегі концертіне қазақстандықтар ең көп билет сатып алып жатыр

Сатылымның алғашқы күнінде 22 елдің тұрғындары билетке онлайн қол жеткізді.  

Шакираның Бішкектегі концертіне қазақстандықтар ең көп билет сатып алып жатыр Фото: Антон Спирин

Шетелдік сатып алушылар тізімінде қазақстандықтар көш бастап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемге танымал әншінің концертіне сатылымның алғашқы күнінде 13 мыңнан астам билет сатылды.

Сатылымның негізгі бөлігі Қырғызстанға (77,32%) тиесілі. Билеттердің тағы 22,68%-ын басқа елдердің тыңдармандары сатып алды.

Шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстан алдыңғы орында. Қазақстан 80,01% билет алса, Ресей – 13,08%, Өзбекстан 3,8% және қалған 18 ел 3,1%-ын сатып алған.

Жалпы сатылым көлеміндегі Қазақстанның үлесі – 18,15%, Ресейдікі – 2,97%, Өзбекстандыкі 0,86% болды.

Сонымен қатар, билеттерді АҚШ, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания және басқа да елдердің сатып алушылары алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу