Шәкірттері әлемдік білім додаларында топ жарған ұстаздар марапатталды

237

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлім етті.        

Шәкірттері әлемдік білім додаларында топ жарған ұстаздар марапатталды Фото: Ақорда

Шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжехановаға, Алматы қаласындағы №134 лицей мұғалімі Ирина Нестеренкоға – "Құрмет" ордені,

"Edlight Academy" әдіскері Жанболат Жолгелдиевке, Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға, "Haileybury Almaty" мектебінің мұғалімі Владимир Жукке, Өскемен қаласы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – "Ерен еңбегі үшін" медалі,

Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқынға, Талдықорған қаласындағы №24 лицей мұғалімі Меруерт Абаеваға, Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеевке, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышевке "Шапағат" медалі берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу