Шала туған нәресте Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Екібастұз перзентханасынан жаңа туған нәрестені тасымалдауға өтінім 26 наурызда сағат 16:00 шамасында түскен. Бала жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келді. Оның салмағы – 950 грамм.
Нәрестені Екібастұздан алып кету үшін білікті неонатолог және медбике бар тікұшақ жіберілді. Бригада жаңа туған нәрестені тасымалдауға қажет кувезбен және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сағат 19:15-те нәресте облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазір шала туған нәресте павлодарлық дәрігерлердің бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу