Шалғай ауылдарға автобус жүре бастады

987

Жолаушы тасымалы тоқтап қалған бағыттар енді мемлекет тарапынан субсидияланудың арқасында жандана бастады. 

Шалғай ауылдарға автобус жүре бастады

Тоқсаныншы жылдардан бері жолаушы тасымалы тоқтап қалған бұл бағыттар енді мемлекет тарапынан субсидияланудың арқасында қайта жандана бастады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті бюджеттен 21 млн теңге бөліп, елдімекендерге автобустар жүре бастады. Жолақы такси бағасынан арзан.

Мәселен, Үржар ауданымен шектесіп жатқан Ақшәулі ауылына дейін жолкіре 500 теңге болса, Баршатас ауылына дейін 1000 теңге болады. Сондай-ақ, тау қойнауында орналасқан Тарбағатай елдімекеніне бару үшін 550 теңге төлейсіз. Ал дәл осы бағытқа бұрын таксиге 1200 теңге төлеу керек болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу