Шалғай өңірлердегі мектептер оқушыларға дәстүрлі түрде білім бере алады

1124

Алайда эпидемиологиялық жағдайы қауіпсіз болуы шарт.

Шалғай өңірлердегі мектептер оқушыларға дәстүрлі түрде білім бере алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шалғай жатқан ауылдардағы шағын жинақты мектептер оқушыларына бұрынғыдай дәстүрлі түрде білім бере алатынын айтты. Ал мектептер қашықтықтан оқытқысы келсе, тиісті жағдай жасалады.

"Шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептерде 5-10 баладан оқиды. Сабаққа жаяу барып-келеді. Осындай эпидемиологиялық жағдайы қауіпсіз өңірлерде орналасқан мектептерде дәстүрлі түрде оқуға мүмкіндік беріп отырмыз. Өткен төртінші тоқсанның тәжірибесі бар. Ол кезде де шалғайда жатқан бірқатар кішігірім мектептің балалары дәстүрлі форматта оқыған болатын. Ал егер денсаулықтарына қауіп төніп, мектеп қашықтықтан білім бергісі келсе, ешқандай шектеу қойылмайды. Қашықтықтан білім беруі үшін тиісті жағдай жасалуы қажет. Сол себепті теледидар арқылы оқытуды да қолға алып отырмыз. Қашықтықтан білім берудің басқа да құралдары қолданылатын болады", – деді білім министрі.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу