Шалғайда жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы төленуі мүмкін – министр

449

Медицина саласының дамуы кенжелеп қалған облыстардағы дәрігерлерге үстемақы төленуі мүмкін.  

Шалғайда жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы төленуі мүмкін – министр Фото: arasha.kz

Денсаулық министрлігі шалғай ауылдардағы маман тапшылығын осылай шешпек. Бұл туралы Ұлытау облысына жасаған сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысы жаңадан құрылған облыстағы медицина мекемелерінің жұмысымен танысып, сала мамандарымен кездесті. Сәтбаев қаласындағы орталық ауруханасында 5 жыл бұрын басталған жөндеу жұмыстары әлі сағызша созылып келеді. Министрдің сапары дәл осы жерден басталды. Айналдырған 4 қабатты шағын ғимараттың жөндеуі неге осыншалық ұзаққа созылғанын сұрап білді.

Пандемия салдарынан сырттан келетін құрылыс материалдарының қымбаттап кеткенін айтқан мердігерлер: "Жұмыс толығымен келер жылы аяқталады", - дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу