Шалқар көлі тартылып барады

2166

Көлде көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жойылып кеткен. 

Шалқар көлі тартылып барады

Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлі тартылып барады, деп хабарлайды  turkystan.kz.

Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан  көлдің суы күрт төмендеп барады.

Мамандардың мәліметінше, 2 миллиард текше метр судан қазір 1 жарым миллард текше метр қалған. Ұзындығы 18,5, ені 15 шақырымдық көлдің ені кей жерде 2 шақырымға дейін тартылған. Көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жойылып кеткен. Сазан мен шортан балығы құрып кетудің аз алдында тұр. Осыған байланысты облыста арнайы комиссия құрылып көлдің жағдайын көзбен көріп қайтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу