Шалқар көлінде 4 адам отырған үрлемелі қайықты жел белгісіз бағытқа алып кеткен, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.
Серуенге шыққандардың үрлемелі қайығы желдің екпініне шыдамай, жағадан ұзап кеткен.
Хабар БҚО ТЖД дағдарыс жағдайларда басқару басқармасының "112" нөміріне сағат 17:05-те түсіпті.
"Құтқарушылар Асылбек Майтанов пен Аслан Алдияровтың кәсібилігінің арқасында сағат 17.45-те жағадан 6 шақырым қашықтыққа жүзіп кеткендер табылып, құтқарылды",– делінген хабарламада.
Құтқарылғандардың екеуі бала. Олардың жағдайлары қазір жақсы, медициналық көмекті қажет етпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу