Алдағы демалыс күндері Шалқар көлінде "DIVING FEST-2019" өтеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Атаулы шара 27-28 шілдеде "Сібе" дайвинг-орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Қатысушылар 6 метр тереңдікке сүңгиді. Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасады.
Айта кетсек, дайвинг дегеніміз (ағыл. "diving" ағыл. "to dive" – жүзу) – арнайы құрал-жабдықтар арқылы су асты әлеміне саяхат жасау.
Дайвингтің халық арасында кең тараған жалпылама екі түрі бар. Алғашқысы– кәсіби жүзу болса, екіншісі – ойын-сауық пен туризм. Біріншісіне коммерциялық және әскери дайвинг кіреді. Екінші топқа техникалық және спорттық дайвинг жатады. Сондай-ақ, мұз астындағы дайвинг, су астындағы спелеология, танымдық дайвинг, су астындағы фото-кино-видеотүсіру, спорттық аң аулау, су астындағы археология сияқты түрлері де бар.