Шалқар көліне көлікпен кірген жүргізушіге айыппұл салынды

466

Көлге кіргені үшін емес, мемлекеттік тіркеу нөмірінің басқа автокөлікке тиесілі болғаны үшін айыппұл салынды.

Шалқар көліне көлікпен кірген жүргізушіге айыппұл салынды Фото: Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде автокөлігімен жүрген жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында 15 шілде күні "Toyota Camry" автокөлігінің судағы қозғалысы түсірілген бейнежазба жарияланғаны анықталды. Оқиға Шалқар көлінің жағасында болған.

"Ол көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірінің басқа автокөлікке тиесілі екені белгілі болды. 20 жастағы жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабы 3-бөлігіне (көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсін орнату) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - деп хабарлады ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу