Қазақстанға "Шалқар суы" атымен танылған минералды су қайта шығарылатын болады. Бұл туралы Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша 1998 жылдан бері өндірісі тоқтап тұрған цех қайта іске қосылып, жанынан жаңа цех салынады деп жоспарлануда.
"Тоқтап тұрған цехті бір кәсіпкер сатып алды, екінші кәсіпкерге жаңадан цех салуға жер телімі берілді. Кәсіпорын 2019 жылы іске қосылып, жүзден аса адам жұмыспен қамтылады",- деді Бауыржан Қаниев.
Айта кетейік, Шалқар суы шипалық қасиеті жағынан Арменияның Арзни курортының суына ұқсас. Шалқар минералды суы ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу