Шалқар тартылып барады

1982

Экология министрі бұны Мұғалжар тауларында жауын-шашынның аз түсуімен байланыстырады.  

Шалқар тартылып барады

Шалқар көлінің түбін тазарту жұмысы басталады. Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған", – деп жазады министр. 

Аймаққа мамандар барып қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтапты.

"Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші болып табылады. Біз биыл көлдің түбін тазалау жобасын бастаймыз. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" – дейді Мағзұм Мырзағалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу