Шалқия кеніші тұрғындарға спорт және ойын алаңы кешендерін сыйға тартты

1989

Жаңадан ашылып жатқан спорт кешені мен балалар алаңы маңына да 200 түп тал отырғызылды.

Шалқия кеніші тұрғындарға спорт және ойын алаңы кешендерін сыйға тартты

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы "Шалқия Цинк ЛТД" АҚ, Самұрық-Қазына ТРАСТ компаниясының демеушілігімен Әз-Наурыз мерекесіне орай Шалқия кенті мен Құттықожа ауылы тұрғындарына биік қабырғамен қоршалған мини-футбол алаңы мен балалардың түрлі аттракциондарымен қамтылған ойын алаңын пайдалануға берді.

 Наурыз мерекесінің ашылу құрметіне кеніш тіккен бес ақшаңқан үй мен әскери  шатырда және "Шалқия шипажайы", "Нүрила" балабақшасы, №86 орта мектебі, "Шалқия кент"  құрған ақбоз киіз үйлерде ән шырқалып, ас беріліп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. 

Айта кету керек, Шалқия кенті мен Құттықожа ауылында 510 отбасында 3100 адам  өмір сүріп жатыр. Қазіргі таңда мырыш пен қорғасын шығаратын кеніште 700 өндірісші еңбек етсе, оның 250-ге жуығы жергілікті тұрғындар.   

"Наурыз тойына дайындық барысында Шалқия кентінің тұрғындары мен өндірістегі жұмысшылар мекеме аумақтарын абаттандырып, күл-қоқыстан тазартты. Кәсіпорын аумағына 200 түп ағаш отырғызылса, жаңадан ашылып жатқан спорт кешені мен балалар алаңы маңына да 200 түп тал отырғызылды.   Наурыз мерекесінің негізгі шартының бірі ретінде Шалқия кенішіндегі тұрмысы төмен 20 отбасыға материалдық көмек көрсеттік",– дейді "Шалқия Цинк ЛТД" акционерлік қоғамы Бас директорының Жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Нәжімеден Мұсабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу