Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбіқалықова өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты онлайн-брифинг өткізді. Аймақ басшысының айтуынша, індет жұқтырғандар саны артуына байланысты бірнеше жерден қосымша стационар ашуға тура келген.
"5 шілдеден бастап біздің өңірде де қатаң карантиндік режим енгізілді. Осыған байланысты барлық емханалар мен аурханалар күштейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Бұрын өңірімізде инфекциялық стационарда 515, провизорлық стационарда 1730 төсек болса, қазіргі таңда облыстық физио-пульмонологиялық орталық базасында қосымша 120 орынға инфекциялық және Шалқия елдімекенінде 30 орындық провизорлық стационар ашу жұмыстары қолға алынды. Алдағы екі күннің ішінде іске асады. Орын тапшылығы жоқ. Қажеттілік туындаған жағдайда жеке клиникаларды пайдалану туралы келісімдер бар. Одан бөлек аурухана типті, дәлізі бар жатақханалар бар. Әзірге үлкен спорт алаңдарын пайдаланбауға тырысамыз. Стационарға лайық ғимараттардың мүмкіндігін пайдалануға бар күшті жұмсаймыз", – деді ол.
Есжан Ботақара