"Шалшыққа айналды!": Ақтау тұрғындары су басқан көшелерге шағымданды

556

Қала және оның маңындағы ауыл көшелерін жаңбырдан кейін су басқан

"Шалшыққа айналды!": Ақтау тұрғындары су басқан көшелерге шағымданды Фото: tumba.kz

Ақтауда жаңбыр салдарынан аулалар, көшелер мен кіреберістер су астында қалды. Салдарынан тұрғындар өз үйлеріне жете алмай, азап тартуда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 "Ақтаудағы 38 шағын ауданы  көшесі жаңбырдан кейін су астында қалды. Жүру мүмкін емес, бәрі азап шегуде. Жаяу жүргіншілер де, автокөлік жүргізушілері де. Тротуарлар жоқ, шара қолдануды сұраймыз" , - дейді тұрғындар.

Ал Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылының тұрғындары жаңбырдан кейін көше балшықтан аяқ алып жүргісіз екенін айтты.

"Жаңбырдан кейін қалай қиналатынымызға билік еш назар аудармайды. Мұндай жолмен жүру мүмкін емес. Адамдар кейде жаңбыр жауған кезде өз үйлеріне бара алмайды, бұл жерде су шалшыққа айналады. Неліктен шенеуніктердің әрекетсіздігінен халық зардап шегуі тиіс? Біздің балалар полиэтилен пакеттерін аяғына киюге және ауыстырылатын аяқ киімді алып жүруге мәжбүр", - деп шағымданады ауыл тұрғындары.

13 шағын ауданның тұрғындары су, тіпті, пәтерлерге құйылғанын айтты.

Ал, қалалық әкімдік "Строй Инвест 2020 компаниясы" ЖШС коммуналдық қызметкерлері зардаптарды жоюмен айналысатынын хабарлады.

"Ақтауда көшелерден су сору үшін 65 адамнан тұратын мобильді бригада және бірнеше арнайы техника: 4 мотопомпа, 1 қазандық және 7 "Газель" көлігі жұмылдырылған. Сондай-ақ, су айдау жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері, екі өрт сөндіру техникасы және ТЖД екі мотопомпасы тартылды, олар нөсер суын жою жұмыстарына көмекке келді", - делінген  ведомство хабарламасында.

Айта кетерлігі, "Қазгидромет" РМК мамандарының хабарлауынша, 19 мамырға дейін Маңғыстауда жаңбырлы ауа райы болады деп болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу