Шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар анықталды

1069

Өткен аптада азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп, барлық орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерде графиктің сақталуына көшпелі мониторинг өткізілді. Соның нәтижесінде 113 бұзушылық анықталды. 

Шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар анықталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейтін органдарды атады, деп хабарлайды Елорда Инфо МҚІСЖҚА төрағасы Алик Шпекбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

​Мемлекеттік қызметшілердің 8 сағат және 5 күн форматындағы жұмысының ұтымды режимі үшін күш жұмсап жатқан уақытта, бірқатар алдыңғы қатарлы компанияда 6 сағаттық жұмыс күні енгізілген, ал жұма – қашықтан жұмыс істеу күні.

Елімізде 2 ай ішінде барлық мемлекеттік аппаратта артық жұмыс істеудің жол берілмеуіне қатысты ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткен аптада азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп, барлық орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерде графиктің сақталуына көшпелі мониторинг өткізілді. Соның нәтижесінде 113 бұзушылық анықталды. Олардың қатарында – Ұлттық экономика министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының әкімдіктері бар.

"Біз еңбек заңнамасын бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының атына ұсынымхаттар жолдадық. Жүйелі сипат алған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік орган басшыларының әкімшілік жауапкершілігін тексеру және қарау үшін еңбек инспекциясына материалдар жолданды. Қызметшілердің сағат 18:30-дан кейін жұмыс орындарында жаппай болуы тағы да бір проблема – әкімшілік шығыстардың өсуіне әкеп соқтырады", – деді Алик Шпекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу