Шамалған бекетіндегі қайғылы оқиғаға қатысты сот үкім шықты

1076

Қарасай аудандық соты қайғылы оқиға күні станция кезекшісі болған Ахмеджановке 3 жыл 6 ай шартты жаза кесті.  

 Шамалған бекетіндегі қайғылы оқиғаға қатысты сот үкім шықты

Шамалған бекетінде пойыз бен автобустың соқтығысуына қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлілерге үкім шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Судья айыпталушының жасы, отбасылық жағдайы мен кінәсін мойындағанын ескеріпті. Дегенмен, ол жәбірленуші Жарылғасоваға 600 мың теңге көлемінде моралдық залалды өтеуге міндетті. Сондай-ақ сот үш жәбірленушіге "Қазақстан темір жолы" компаниясынан жалпы сомасы 35 млн теңге өндіріп берді. Ал, "Қаскелең автобус паркі" зардап шеккендерге 20 млн теңге көлемінде моралдық залал өтеуге міндетті болды.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде Шамалған бекетінде жолаушылар автобусы мен поезд соқтығысқан болатын. Салдарынан, автобус жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, үш адам жансақтау бөліміне түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу