Шамалған станциясындағы жол өтпесі эстакада түрінде салынады

655

Алматы облысының Шамалған теміржол станциясындағы жол өтпесінің құрылысы биыл қарқын алмақ. 

Шамалған станциясындағы жол өтпесі эстакада түрінде салынады

ИИДМ-нің Автомобиль жолдары комитеті Шамалған станциясындағы жол өтпесінің құрылысын жүргізу тақырыбына арналған ғылыми-техникалық кеңесте, мамандар, сондай-ақ, жол өтпесін ұзындығы 340 метрді құрайтын эстакада түрінде салуды ұйғарды.

Құрылыс жұмыстары үшін Шамалған мен Екпінді елдімекендерінің арасындағы жол учаскесі таңдап алынды. Жол айырығы қолданыстағы теміржол өтпесінен 250 метрге алшақтау орналасады. Бұл негізгі тасжолдарға жету жолын 0,7 шақырымға қысқартуға, сондай-ақ, транзитті көлік ағынын елдімекеннен тыс жерге шығаруға мүмкіндік бермек.

 2019 жылдың қарашасында "Сәулет-SKB" ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу шараларына кіріскен еді. Аталмыш шаралар осы жылдың наурызында аяқталады деп жоспарланып отыр. Желтоқсан айында "Тодини Конструциони Дженерали С.п.А." АҚ/ "Integra Construction KZ" ЖШС Консорциумымен құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Нысан 2021 жылдың тамызында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Бұдан бөлек, "ДСУ-13" ЖШС облыстық маңызы бар "Алматы-1 – Шамалған – Ұзынағаш" автожолында Шамалған станциясындағы теміржол өтпесі арқылы өтетін жерүсті жаяу жүргіншілер өтпесін салып жатыр. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 330 млн теңге бөлінген.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысымен Шамалған станциясындағы теміржол өтпесі ерекше реттеуді талап ететін құрылыс нысандарының қатарына жатқызылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу