Шәміл Досбол грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

237

Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді. 

Шәміл Досбол грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды Фото: Olympic.kz

Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жоғары нәтиже тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында белдескен ол турнир барысынды Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда өзбек балуанымен тең түсті. Алайда, соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді. 

Одан бөлек, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медаль иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қолаға қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу