Отырар ауданында "Қазақ вальсінің королі" атанып кеткен Шәмші Қалдаяқовқа арналған мұражай орналасқан. Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған, деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп, оның өмірі мен шығармашылығынан жарияланбаған фактілерді ашатын авторлық жобаларды дайындау үстінде. Жақын арада Түркістанда Шәмші Қалдаяқовқа арналған онкүндік аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу