"Шанағы көкке көтерілген": Алматы – Қорғас тасжолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады.  

"Шанағы көкке көтерілген": Алматы – Қорғас тасжолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады Фото: qaj.kz

Shacman жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бүгін тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Алматы – Қорғас ақылы автомобиль жолының 120-шақырымында, "Шелек" бақылау аркасы маңында болды.

– Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі шанағы көтерілген күйде қозғалған. Бақылау аркасының астынан өту кезінде көліктің көтерілген шанағы арка конструкциясына соғылып, салдарынан қозғалыс бағыттарының біріндегі бақылау аркасының бір бөлігі зақымданды.

Жол қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті және көлік қозғалысын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдады, – делінген ресми ақпаратта.

Қазіргі уақытта автожолдағы қозғалыс толық қалпына келтірілген және қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын құзырлы органдар анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу