Шаңғы жарысынан жаңа маусымда бақ сынайтын Қазақстан құрамасы жасақталды

777

Жаңа маусымда командадан 6 спортшы кетті. 

Шаңғы жарысынан жаңа маусымда бақ сынайтын Қазақстан құрамасы жасақталды

Шаңғы жарысынан 2019-2020 жылғы маусымда бақ сынайтын Қазақстан командасының тізімі бекітілді. Команда құрамына 15 спортшы енген, деп хабарлайды olympic.kz. 

Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько бас команда қатарында жоқ. Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Полторанин, спорт шебері Ангелина Шурыга мен Марина Матросова, Ирина Быкова мен Анжелика Тарасова және халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Коломина ұлттық құрамаға қабылданған жоқ. 

"Жаңа маусымда командадан 6 спортшы кетті. Николай Чеботько спорттағы мансабын аяқтаса, Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының шешімімен жарыстардан уақытша шеттетілді. Бала күтіміне байланысты демалыста отырған Ольга Мандрика қатарға қосылды. Ал қалған қыздарымыз өткен маусында алға қойылған мақсатты орындай алмады. Сондықтан, көп шығындалмауды жөн деп тауып, команда құрамын қысқарттық", – дейді шаңғы жарысы түрлерінен ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу