Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Аралас эстафетада Қазақстан командасы 17 құраманың ішінен 15-орынға табан тіреді.
15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Айша Рақышева тіркеді. Ол 28-орынға табан тіреген. Елизавета Толмачева 53-ші, Мария Геращенко 57-ші орында. Мария Тиятова мәреге жете алған жоқ.
Ерлер арасында 30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қазақстандық Темірлан Рамаш 53-нәтижені көрсетті. Темірлан Төлегенов 60-шы, Рамиль Шамсутдинов 62-ші, Ілияс Исабек 71-ші сатыда.
Ал ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 17-орынға тұрақтады.