Шаңғымен тұғырдан секіру: Сергей Ткаченко үздік үштікке енді

1059

Қазақстан соңғы 15 жылдан бері алғаш рет құрлықтық кубок бәсекесінде жүлде алып отыр.

Шаңғымен тұғырдан секіру: Сергей Ткаченко үздік үштікке енді

Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS құрлықтық кубогі басталды. К-125 тұғырынан секіруден қазақстандық Сергей Ткаченко қола медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ткаченко 260.5 ұпаймен үздік үштікке еніп отыр. Бірінші орынды австриялық Максимилиан Лейнхер (270.1) иеленсе, екінші орынды жапондық Наоки Накамура (268.4) еншіледі.  

Тағы бір қазақстандық спортшы Сабыржан Мүмінов 14-ші сатыға тұрақтады. 

Қазақстан соңғы 15 жылдан бері алғаш рет құрлықтық кубок бәсекесінде жүлде алып отыр. 2004 жылы Германияда өткен турнирде Радик Жапаров қола жүлдегер атанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу