Шаңғымен тұғырдан секіруден ел құрамасы неге жеңіс тұғынынан көріне алмады?

1003

Бұған қатысты құраманың бас бапкері ойымен бөлісті.

Шаңғымен тұғырдан секіруден ел құрамасы неге жеңіс тұғынынан көріне алмады?

Бейжіңнен ұйымдастырылған онлайн брифингте шаңғымен секіруден Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Биекенов спортшылардың өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Олимпиада ойындарында біздің екі спортшымыз болды: Данил Васильев пен Сергей Ткаченко.  Данил Васильев Олимпиаданың ең жас қатысушысы атанды.  Кіші трамплинде біз квалификациядан өттік.  Ал үлкен трамплинде іріктеуден өте алмады, жігіттер барын салды. Біз де үздік нәтиже көрсеткіміз келді.  Маусым басында Сергей Ткаченконың ПТР сынамасы оң екені анықталды.  Осылайша ол бірінші раундты өткізіп алды.  Данил Васильев әлем чемпионаттарында бақ сынап, спорттық қалыпқа келді.  Оның жақсы нәтиже көрсетуіне бірден-бір мүмкіндік бермегені – жас.  Ол жас спортшы. Біз тағы да лицензия ұтып алуды жоспарлағанбыз.  Бірақ қыркүйекке дейін бірде-бір лицензия ала алмадық", – деп түсіндірді трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасының бас бапкері.  

Қайрат Биекенов Олимпиада комитеті мен Спорт министрлігінің арқасында жазғы Гран-при турнирі өтіп, онда Сергей Ткаченко алтыншы, Данил Васильев 14-орын алғанын атап өтті.  

"Бұл жазғы Гран-придің тарихи нәтижесі.  Осылайша екі Олимпиада лицензиясын жеңіп алдық, бұл бізге жарысқа қатысуға мүмкіндік берді.  Жақсы дайындалдық.  Пандемия жағдайды қиындатты, бірақ біз жалпы дайын болдық.  Жұмыс істеуге, алдағы олимпиадаларда бұдан да жақсы өнер көрсетуге тырысамыз", – деп сендірді ұлттық құраманың жаттықтырушысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу