Шаңғымен жарысудан Әлем кубогі кезеңі жоспарланған уақытында басталады

477

Кубоктік кезең Финляндияның Рука қаласында 27-29 қараша күндері өтеді.

Шаңғымен жарысудан Әлем кубогі кезеңі жоспарланған уақытында басталады

Шаңғымен жарысудан 2020/2021 жылғы маусымдағы әлем кубогінің алғашқы кезеңі жоспар бойынша өтеді. Бұл туралы Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) хабарлады деп жазады Olympic.kz. 

Кубоктік кезең Финляндияның Рука қаласында 27-29 қараша күндері өтеді. Жарыс өткізу туралы ұсынысты ұлттық денсаулық сақтау органдары мақұлдап отыр.  Ұйымдастырушылар жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шараларын қолданады. 

Кубоктік кезеңнің өтуіне ауа райының қолайсыздығы мен қандай да бір шұғыл жағдайлар ғана әсер етуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу