Шаңғымен жарысудан Чехияның Нове-Место қаласында ұйымдастырылатын әлем кубогі кезеңі өз мерзімінде өтпейді. Бұл туралы Чехияның шаңғы спорты түрлері федерациясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтемемен.
Алғашында кубоктік кезең 20-21 ақпан күндеріне жоспарланған болатын. Мұндай шешім қабылдауға шаңғы спортынан әлем чемпионатын қабылдайтын Германия билігінің Чехиядан келушілерді бестен он күнге дейінгі аралықта міндетті карантинге жатқызуы себеп болып отыр.
Ал шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты 22 ақпан мен 7 наурыз аралығында Германияның Оберстдорф қаласында өтеді.