Шаңғымен жарысудан Қазақстан командасы әлем кубогі кезеңдеріне қатыспайды

456

Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры басталды.

Шаңғымен жарысудан Қазақстан командасы әлем кубогі кезеңдеріне қатыспайды

Чемпионат барысында команда бас бапкері Александр Батяйкин сұхбат беріп, ұлттық құрама спортшыларының жаңа жылға дейін халықаралық сындарға қатыспайтынын айтты деп жазады Olympic.kz. 

"Өкінішке қарай, коронавирустың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия біздің өтінішімізді қанағаттандырған жоқ. Сондықтан, жаңа жылға дейін Еуропада өтетін әлем кубогі кезеңдеріне қатыса алмаймыз. Бұл біздің спортшыларға ауыр соғуда. Өйткені, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына ұпай жинау кезеңі басталған болатын. Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша ұпай жиналып, лицензия беріледі.  2020 жылдың аяғына дейін халықаралық федерация Еуропаның төрт қаласында әлем кубогі кезеңдерін өткізуге рұқсат беріп отыр. 27-29 қараша күндері Финляндияның Рука қаласында, 4-6 желтоқсанда Норвегияның Лиллехаммер қаласында, 12-13 желтоқсанда Швейцарияның Давос және 19-20 желтоқсанда Германияның Дрезден қаласында әлем кубогі кезеңдері өтеді. Әзірге, біз ел чемпионатындағы үздіктерді анықтауға тырысамыз", - дейді бас бапкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу