Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жарыстардан төрт жылға жарыстардан шеттетілді. Себебі спортшының шаңғы жарысынан 2019 жылғы әлем чемпионатында допинг қолданғаны анықталды және кінәсі дәлелденді. Бұл туралы Eurosport.ru-ге сілтемемен 24.kz хабарлайды.
Халықаралық шаңғы спорты федерациясының бас хатшысы Сара Льюистің мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы толық анықталған.
Еске сала кетсек, 32 жастағы шаңғышы Австрияның Зеефельд қаласына әлем чемпионатына қатысуға барған жерде допингпен ұсталған еді. Полиция Алексеймен қатар тағы бірнеше спортшы қан тамырына допинг салдырып жатқан кезде үстерінен түскен. Қан құйдыратын жер жұрт көзіне шаштараз ретінде бүркемеленіп келген.