Шаңғышылар ел кубогын сарапқа салды

1032

Шаңғышылар ел кубогын сарапқа салды

Алматы облысы Алатау спорт кешенінде шаңғыдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыс өтті. Универсиада қарсаңындағы тестілік турнирге ел мықтылары түгелдей қатысты. Қыздар арасында ардагерлер алдына жан салған жоқ. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Каломина ел кубогын иеленсе, қос Анна Шевченко мен Стояндар екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Ерлер арасында Евгений Величка жеңімпаз атанды. Универсиада ойындарының жеңімпазы Сергей Малышев екінші орыннан көрінсе, үштікті Денис Володка түйіндеді, деп хабарлайды khabar.kz.

Айта кетейік, осы жарыс қорытындысы бойынша Универсиада мен Азия ойындарына баратын спортшылар анықталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу