Шанхай биржасында технологиялық компанияларға арналған сауда басталды

990

Қазірдің өзінде ғылыми жобалармен айналысатын 140-тан астам компания IPO өткізуге өтініш берген.

Шанхай биржасында технологиялық компанияларға арналған сауда басталды

Қытайдың Шанхайдағы қор биржасында алғаш рет технологиялық компанияларға арналған сауда басталды. Оған 25 ұйым қатысуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Бейжіңдегі билік сауда алаңын инвестиция тартуға арналған платформаға айналдырғысы келеді.

Биржа болашағы зор стартаптарды қабылдауға дайын. Мақсат – оларды Xiaomi, Tencent немесе Alibaba сияқты технологиялық алыпқа айналдыру.

Қазірдің өзінде ғылыми жобалармен айналысатын 140-тан астам компания IPO өткізуге өтініш берген. Листингпен айналысатын комиссия оның 31-іне рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу