"Шанхай ондығы" елдерінің сауда айналымы 3 трлн долларға жетеді

239

Қытай Халық Республикасы ШЫҰ елдеріне өзінің нарығының есігін ашып, мүше елдер арасындағы сауда айналымын 3 трлн долларға жеткізуді ұсынды. 

"Шанхай ондығы" елдерінің сауда айналымы 3 трлн долларға жетеді Фото: akorda.kz

Қазақстан Қытайдың ниетін құптайды, деп жазады Inbusiness.kz сайты мемлекет басшысының "ШЫҰ +" отырысындағы баяндамасына сілтеме жасап.

"Санкциялық қақтығыстар әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді, одан әрі даму перспективаларын тарылтады. Мұндай жағдайда біз оң динамиканы сақтауға және әлеуетті арттыруға бағытталған сауда-экономикалық өзара іс - қимылдың неғұрлым икемді стратегиясын құруымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ШЫҰ мемлекеттерінің жаһандық ЖІӨ-дегі үлесі 30 пайызды құрайтынын және бүгінгі таңда қатысушы елдердің сыртқы саудасы 8 триллион доллардан асатынын – бұл бүкіл әлемдік сауданың төрттен бір бөлігіне тең екенін атап өтті.

"ШЫҰ мемлекеттерінің есебінен Азияның жаңа тарихи экономикалық өрлеуі – бүкіл жаһандық экономика үшін тұрақтандырушы фактор.

Қазақстан Қытайдың ШЫҰ елдерінің өзінің ауқымды нарығына қолжетімділігін кеңейту және тауар айналымын 3 триллион долларға дейін жеткізу ниетін құптайды", - деді Президент.

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен "ШЫҰ+" саммиті өтіп жатқанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу