Мүше мемлекеттер Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуіне қатты алаңдаушылық білдірді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
Олар атысты дереу әрі түпкілікті тоқтатуды, гуманитарлық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтың барлық тұрғындары үшін бейбітшілікке, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап көрсетеді.
Мүше мемлекеттер Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің жалғыз мүмкін жолы Палестина мәселесін жан-жақты және әділ шешу деп санайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу