"Шанхай ондығы" жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздікті күшейтпек

191

Бұл туралы бірлестіктің Астана декларациясында айтылған.

"Шанхай ондығы" жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздікті күшейтпек Фото: Ақорда

Шанхай ынтымақтастық ұйымының елдері жасанды интеллект саласындағы тәуекелдерге қарсы күресте және қауіпсіздікті нығайтуда күш біріктіруге дайын, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Мүше мемлекеттер жасанды интеллект технологияларын дамыту мен қолдануға маңызды мән бере отырып, бүкіл адамзаттың игілігі үшін жасанды интеллект технологияларының қауіпсіздігін, есептілігін, сенімділігін және әділдігін ұдайы арттыру мақсатында тәуекелдердің алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін атап өтті", – делінген Қазақстандағы ШЫҰ саммиті барысында қол қойылған Астана декларациясында.

Астана декларациясы ШЫҰ елдері көшбасшылары отырысының бірқатар өзекті мәселелер бойынша бірлестіктің ұстанымын айқындайтын, қызметін қорытындылайтын және ұйымның даму бағдарларын белгілейтін негізгі құжатына айналды. 

Жалпы отырыс барысында 25 маңызды құжатқа қойылды. 

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтіп жатқанын еске саламыз. Жалпы Астанаға  15 елден 25 делегация ат басын тіреді, 7 халықаралық ұйым ШЫҰ-ға қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу