Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Иран қосылатын болды

952

Катар, Мысыр және Сауд Арабиясына ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесі берілді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Иран қосылатын болды Фото: reuters.com

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің көшбасшылары бірлестікке Иранды қосуды ұйғарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Олар Тәжікстандағы саммит кезінде процедураның басталуы туралы құжатқа қол қойды.

ШЫҰ көшбасшылары бірлестіктің 20 жылдығына арналған Душанбе декларациясына және ынтымақтастық туралы тағы 30 құжатқа қол қойды. Сонымен қатар Катар, Египет және Сауд Арабиясына ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесі берілді.

17 қыркүйекте Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен өтіп жатқан саммитке ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бар. ҚХР Басшысы Си Цзиньпин, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди және Ресей Президенті Владимир Путин ШЫҰ саммитіне видео байланыс арқылы қатысуда.
Жиынға ШЫҰ-дағы бақылаушы елдердің көшбасшылары, яғни Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Ибрахим Раиси және Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух (қашықтан) келді. Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов саммит қонағы ретінде шақырылды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу