Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

241

Олар Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысады. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді Фото: gov.kz

Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды. Ұйымға мүше елдердің өкілдері Астанаға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу