Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде 11 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Рашид Алимов баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлайды 24.kz.
Қабылданған құжаттар қатарында ұйымға мүше елдер басшыларының Астана декларациясы экстремизмге төтеп беру жөніндегі конвенция халықаралық лаңкестікке бірлесіп қарсы тұру жөніндегі мемлекет басшыларының мәлімдемесі де бар. Бұдан бөлек тараптар 2017-2018 жылдарға арналған туризм саласындағы бағдарламаны бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаласты. Баспасөз мәжілісінде Рашид Алимов Қазақстанның төрағалығы кезінде ұйымның жеткен жетістіктерін де айтып өтті:
- Қазақстанның төрағалығы кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Біріккен ұлттар ұйымының арасындағы байланыс жаңа, сапалы деңгейге көтерілді. Біріккен ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде, Венадағы бөлімшесінде тарихта алғаш рет ең жоғары дәрежедегі іс-шара өтті.