Бұл туралы бүгін Синьхуа АА хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
Агенттік хабарлағандай, зауыттағы өндірістік цикл толығымен автоматтандырылған.
Автоматтандырылған жүйемен роботтар шығаратын кәсіпорын Шанхайдың жаңа Пудун ауданында орналасқан. Компанияның хабарлауынша, аталмыш зауыт - робототехника саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ роботтарды өндіру және қолдану бойынша әлемдегі ең ірі ABB базасы.
67 мың шаршы метр аумақта орналасқан зауытты құруға 150 миллион доллар инвестиция салынды.
ABB компаниясының бүкіл әлемге таралған үш робототехника зауытының соңғысы - Шанхай зауыты негізінен Азиядағы тұтынушыларға қызмет көрсетеді.