Шанхайда карантин жеңілдетіліп, мұнай бағасы 100 долларға жетті

706

Шикізат құны АҚШ-тағы қорлар туралы мәліметтердің жариялануы қарсаңында қымбаттауда.

Шанхайда карантин жеңілдетіліп, мұнай бағасы 100 долларға жетті

Шанхай билігі коронавирусқа байланысты енгізілген кейбір карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешім қабылдағаннан кейін, эталон сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 100 доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Investing.com дерегіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 6,7%-ға өсіп, 100,60 доллар болды.

Шанхайда коронавирустың таралуын тежеу үшін үш деңгейлі жүйе енгізілді. Бұл ереже кейбір тұрғындардың басқа елді мекендерге баруына мүмкіндік берді. Қытай енгізген шектеулер халықтың көлікпен жүруіне әсер етіп, әлемдік мұнайға деген сұранысқа байланысты күдік тудырған еді. 

Шикізат құны АҚШ-тағы қорлар туралы мәліметтердің жариялануы қарсаңында қымбаттауда. Сарапшылардың айтуынша, қор көлемі екінші апта қатарынан өсуі мүмкін. 

Табиғат  Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу